Әскери киім-кешек

    Китель нысандық киімді тораптық өңдеудің өнеркәсіптік әдіс негіздерінің талаптарына сәйкес дайындалады.

    Төрт ілгекті бір жақтамалы жартылай қынама сұлбалы китель және қайырма жағалы және қайырмалы пішіндік металл түймелер.

    Киімнің алдыңғы жағы бүйір шетінен қиылған, алдыңғы бүкпесі, қақпақшалы және екі көмкерме әдіпті сыртқы ойық бүйір қалталары және қақпақшалы жапсырма кеуде қалталары бар.

    Фигуралы жапсырмалы кеуде қалталардың қақпақшасы киімнің түймелеріне түймеленеді. Күлтелі өңіржиекті білдіретін бастырылып тігілген өңіржиекті қалталар. Қалтасының астыңғы жақтарында бұрыштары шеңберленген. Бұйымның өлшеміне қарай қалтаның өлшемдері: ұзындығы – 14 - 16 см, ені – 13 - 14 см. Қақпақшаның өлшемдері: ені – 13 - 14 см, ортасынан биіктігі - 6 см, бүйір жағы - 4 см. Бүрме шеттерінің арасындағы қашықтық - 3 см.

    Жапсырма қалталар мен қақпақшалар тұрақты нүктелі желім жамылғысы бар астарлық материалмен қайталанады.

    Киімнің алдыңғы жағында сол жақ жиегінен 2,5 см қашықтықта төрт ілмек өңделеді. Түймеге арналған үстіңгі ілгек жайылған түрде қайыртпа кертпесі  бұрышынан 20 см қашықтықта, ал астыңғы ілгек бүйір қалта қақпақшасының үстіңгі бұрышы деңгейінен 1 см-ге төмен орналасқан. Бұл ретте алдыңғы оң жағында үстіңгі түйме жиек шетінен 2,5 см, ал астыңғы түйме 3,5 см қашықтықта орналасуы тиіс. Қалған түймелері үстіңгі және астыңғы сызықтар арасында тік орналасуы тиіс.

    Кительдің астары хаки түстес. Алдыңғы жағының астарында ілгек пен түймелерге түймеленетін жапырақшалы ішкі ойық қалталары бар.

    Кительдің бөлшектері өс сызығына қатысты симметриялық етіп орналасқан.

    Материалы: теңіз толқыны түстес костюмге арналған жүн мата.

    Шикізат құрамы: жүн 72 %, ПЭ – 28 %.

    Астар – матаның үстіңгі жағымен түстес астарлы мата: 100% ПЭ, тығыздығы 270 г/м2 (±2%).

    Технологиялылық талаптары: ГОСТ 12807 бойынша инешаншымға, қайырып тігуге және жіктерге қойылатын талаптар.

    Белдігі қосып тігілген шалбар, белдіктің өтпелі ұштары іш жағынан металл ілмекке және ілгекке, сондай-ақ ілгекке және пластмасса түймеге түймеленеді (түйменің түсі шалбар матасының түсімен бірдей, диаметрі - 14 мм.), гульфикте сырмасы бар. Шалбардың бүйір қалтасы бар, алдыңғы жартысының кесінді бөлігі өңделген, шалбардың сол жақ жартысында (алдыңғы жағында қосып тігілген белдік жігінде) және оң жағында екі әдіпті және фигуралық қақпақшалы артқы қалтасы бар. Қақпақша түймеге және аспалы ілмекке түймеленеді.

    Белінде алты белдік ұстағыш орналасқан: екеуі – алдыңғы жартысының қымталған тігісінде, екеуі – артқы жартысы жағындағы бүйір жіктерінде, екеуі – артқы жартысында ортаңғы жіктен 5-6 см қашықтықта.

    Шалбардың бөлшектері өс сызығына қатысты симметриялық етіп орналасқан.

    Материалы: теңіз толқыны түстес костюмге арналған жүн мата.

    Шикізат құрамы: жүн кемінде 72%, ПЭ – 28 %.