Үй тоқымасы

    ТТЖ – төсек тысы жиынтықтары.

    Адам түсінде өмірінің үштен бір бөлігін өткізеді және жақсы төсек тысы түнгі демалыс сапасына маңызды әсер етеді.

      «АХБК» ЖШС мақтадан дайындалған табиғи материалдар: сәтенге, бөзге артықшылық беріп, үлкен ассортиментте төсек тысы жиынтықтарын өндіреді және өткізеді.

      Осы маталардан дайындалған төсек тысы жиынтықтары тозуға жоғары төзімділігімен ерекшеленеді, түсі оңбайды, аллергиялық реакцияларды тудырмайды.

      Сатып алушының кез келген талғамына және үлкен баға ауқымына сай кең таңдау және «МОДЕРН», «РЕТРО», «SLIPPER», «МАЧО» төсек тысы топтамаларында ұсынылған.

    КПБ:

    Қаптама: Кітапша-ПВХ пакет

    Түрі: 1,5 жатын

    Материалы: бөз

    Көрпе тыс 145*215см – 1 дана

    Ақжайма 150*215 – 1 дана

    Жастықтыс 70*70см – 2 дана

     

    Қаптама: Кітапша-ПВХ пакет

    Түрі:   2 жатын

    Материалы: бөз

    Көрпе тыс 200*220см – 1 дана

    Ақжайма 240*220 – 1 дана

    Жастықтыс 70*70см – 2 дана

     

    Қаптама: Кітапша-ПВХ пакет

    Түрі:   2 жатын отбасылық

    Материалы: бөз

    Көрпе тыс 150*215см – 2 дана

    Ақжайма 240*220 – 1 дана

    Жастықтыс 70*70см – 2 дана

     

    Тапсырыс берушінің өлшемі бойынша мақта матрацтар дайындаймыз.

    Мақта матрацтарды өндіру кезінде, біз 20% синтетикалық талшық пен 80% ММ талшықтан құралған қалпына келтірілген талшықты (ҚТ) пайдаланамыз.

    Сондай-ақ бөгде заттардан тазартылған жоғары сапалы "Прима" мақтасын пайдаланамыз.

    Біздің матрацтар бұйымды ұзақ пайдалану мерзімімен және жайлылықпен кепілдендірілген.

    Біз толтырғыш ретінде холлофайберді пайдаланып, жастық өндіреміз.

    Жастықтардың өлшемдері тапсырыспен дайындалады.

    Холлофайбер өз қасиеттері жағынан толтырғыш ретінде мінсіз жарамды.

    Экологиялық – желімсіз өндіру тәсілі материалдағы агрессивті химиялық қосылыстардың құрамын азайтуға мүмкіндік береді, ол зиянды заттарды бөлмейді, тітіркену тудырмайды.

    Биологиялық төзімді – шірімейді, ыдырамайды, саңырауқұлақшадан, зеңнен және басқа микроорганизмдерден зақымданбайды.

    Жылы – талшықтар арасындағы үлкен ауа мөлшеріне орай, холлофайбер төмен жылу өткізгіштікке ие, ол жылуды жақсы ұстайды.

    Ауа өткізеді – жылыжай әсерін құрамай, ауаны жақсы өткізеді.

    Серпінді – кез келген берілген пішінді жақсы ұстайды, сырғымайды, босамайды.

    Тозуға төзімді – белсенді пайдаланудан, көп рет жуудан, жылу әсерінен қорықпайды.

    Жанбайтын – тұтанған кезде, өрт алаңын ұлғайтпай балқиды.