АХБК
	
	
  
    
	
    
    
	
	
	
	
	
	
  


 
  

  

    Күзет компанияларына арналған киім

    Күзет қызметін ұсынатын немесе өз құрылымында бөлінген күзет бөлімшесі бар компаниялар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен және тауар-материалдық құндылықтарды сақтаумен шұғылданатын қызметкерлердің сыртқы түріне ерекше назар аударады. Күзетшілердің қазіргі заманғы стильді киімі компанияның оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді, осы адамдарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді.

    Күзет құрылымдарының қызметкерлері үшін арнайы киім дайындау үшін, біз берік, тозуға төзімді, нығыз қоспалы маталарды пайдаланамыз: маталар жуу кезінде пішішін бұзбайды, қыртыстанбайды, терінің тыныс алуына мүмкіндік бере отырып, адам денесін елеусіз механикалық зақымдардан қорғайды.

    Сырмамен орталықтан түймеленетін қысқартылған жазғы күртеше. Манжеті бар қондырма жең. Қайырма жаға. Күртешенің астыңғы жағында бүйір жақтары иілімді таспамен ендірілген қосып тігілген белдігі бар. Белдік ұстағышпен қосып тігілген белдігі бар, тік, қайырма жағалы, сырмамен түймеленетін шалбар. Бүйір жағында қиылған бүйір қалталары, артқы жағы қиып тігілген қалтасы бар.

    ГОСТ 27575-87

    Мата: қоспалы, ОТ, полиэфир — 65%, мақта — 35%